Қостанайда соққыға жығылған дәрігер Антон Кистанов есін жиды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Науқастың шабуылынан зардап шеккен дәрігердің жағдайы жақсарып келеді. Ол жансақтау бөлімінен неврология бөліміне ауыстырылды.
Қазір хирург Астанадағы шұғыл медицина орталығында ем қабылдап жатыр.
«Бүгінде науқастың жағдайы оңалып келеді. Науқас есін біледі, байланысқа түседі, бағдарлай алады. Бас миының ауыр жарақаты бойынша диагностикалық хаттамаларға сәйкес дәрілік ем тағайындалды»,- делінген хабарламада.