"Дзюдодан 48 келідегі дүниежүзінің үздік балуаны, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, 2025 жылы Аустрияның Линц қаласында өткен әлемдік “Гран При” жарысында қарсылас шыдатпай чемпион атанған даңқты Әбиба Әбужақынова қарындасымыз бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің түлегі атанып, үздік дипломға ие болды. Батыр қызымыздың қуанышы құтты болсын!", - деп жазды Мәжіліс депутаты.
Дзюдо күресінен Қазақстан әйелдер құрамасының жарқын жұлдызы Әбиба Әбужақынова жоғары білім алып, заңгер атанды, деп хабарлайды Alash.kz.
Қуанышты жаңалықты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.