Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жағдайы ауыр": Алматы облысында ит талаған бүлдіршіннің жағдайына қатысты жаңа мәлімет тарады

18:14, 02 шілде 2025 300

2025 жылдың 1 шілдесінде Алматы облысында ит талаған 10 жасар баланың қазіргі жағдайы туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Alash.kz.

Басқарманың мәліметінше, 2014 жылы туған бала алдымен Қарасай аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Кейін жағдайы тұрақтанған соң, ол Облыстық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөліміне ауыстырылған.

"Пациенттің жағдайы – тұрақты ауыр, нашарлау белгілері жоқ. Есін біледі. Қазір онымен және анасымен клиникалық психолог жұмыс жүргізіп жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар бүлдіршінді Қазақ медициналық университетінің нейрохирургі мен Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры арнайы қарап шыққан. Мамандар емдеу жұмыстары клиникалық хаттамаларға сай толық көлемде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар