Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мазақ етіп, ызаландырды": Алматы облысында баланы талаған иттердің иесі өз нұсқасын айтты

21:01, 02 шілде 2025 385

Алматы облысында 10 жасар балаға шабуыл жасаған иттердің иесі, оңалту орталығының директоры Алмаз Халиев оқиғаның өз нұсқасын айтып, баланың өзі иттерді ашуландырғанын алға тартты, деп хабарлайды Alash.kz.

Халиевтің айтуынша, иттер мекеменің аумағында тұрады және белгілі бір деңгейде қауіпсіздік қызметін атқарады.

"Сол күні балалар орталық маңында ойнап жүрген. Бір сәтте олар қоршауға көтеріліп, иттерді мазақтап, ашуландырған. Аулада бес айлық екі күшік жүрген, ал үлкен иттер қоршауда болған. Екі бала иттерді ызаландырған, содан біреуі екіншісін күзетілетін аумаққа итеріп жіберген", – дейді ол.

Халиевтің айтуынша, жарақаттаған күшіктер болған және бұл сәттің барлығы бейнебақылауға түсіп қалған.

"Бала құлап, айқайлай бастады. Екіншісі қашып кеткен. Шамасы, көмекке адам шақырғысы келген. Бала өзі қақпадан өте алмаған, кейін оны бір ер адам құтқарып, аумаққа кіріп, есікті ашқан. Ол адам сол жерде екі күшікті пышақтап өлтірді. Олар дәрменсіз күшіктер еді", – дейді орталық директоры.

Директор бұл оқиға сыртта емес, орталықтың ішінде болғанын атап өтті. Сонымен қатар иттердің бес жылдан бері қоршауда тұратынын, ал мекемеде "Абайлаңыз, зұлым иттер" деген ескерту белгісі орнатылғанын айтты. Халиев жануарларды ұстау ережелері сақталғанын да мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар