Прокурорлар қайырымдылық атын жамылып, 3,5 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Мемлекеттік айыптаушылар Перизат Қайратты 10 жылға, ал оның анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады.
Бүгін сот отырысында прокурор Мадина Оразалина маңызды мәлімдеме жасап, Перизат Қайраттың әрекетін “аманатқа қиянат жасау” деп атап өтті.
Садақа – мансап құралы емес. Ол әмиян немесе бренд зат емес, халықтың аманаты. Ал аманатқа қиянат жасағандар ерте ме, кеш пе әшкере болады", – деді прокурор.