Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“450 метрлік жерасты тоннелін қазған”. Қазақстаннан Өзбекстанға жанармай өнімдерін жасырын өткізбек болғандар ұсталды

11:22, 22 шілде 2025 395

Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен, Қаржылық мониторинг агенттігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлесіп, Өзбекстан құқық қорғау органдарының қолдауымен жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, тергеу барысында анықталғандай Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта топ мүшелері 450 метрлік жерасты тоннелін қазған.

“Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған.

Операция барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген.

Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазақстан Республикасының 5 азаматы күдікті ретінде танылды.

Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды”,- делінген ресми хабарламада. 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар