Дегенмен, ақпаратқа қатысты ресми растау әзірге жоқ. Басылым редакциясы ҰҚК мен көлік министрлігінің баспасөз қызметтерінен сұрау салғанымен, жауап берілмеген.
Сәтжан Аблалиев 2023 жылдың қазан айынан бастап көлік вице-министрі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары және Автомобиль жолдары комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен.
Ол 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген, жол және көлік саласының маманы. Ол Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ көлік және коммуникация университетін тәмамдаған.