Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанайда пәтерден ер адамның мәйіті мен ауыр жараланған бала табылды

16:14, 02 тамыз 2025 165

Қостанайда пәтерлердің бірінде ер адамның мәйіті мен ауыр жараланған бала табылды. Белгілі болғандай, марқұм ол үйде тұрмаған, деп хабарлайды  Alash.kz "Астана" арнасына сілтеп.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам пәтерге баса-көктеп кіріп, ондағы баланы ауыр жарақаттаған болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

"Полиция кәмелетке толмаған адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру және мәйітті табу фактісі бойынша сотқа дейінгі екі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекетті жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жария етілмейді", - дейді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар