Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Мәйіті қоқыс жәшігінен табылды”. Шымкентте жоғалып кеткен қыз туралы тың дерек шықты

22:57, 02 тамыз 2025 101

21 шілдеден бері туыстары аласұрып іздеп жүрген 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылды, деп жазады Alash.KZ.

Шымкентте жан түршігерлік оқиға болды. Полицейлер күдіктіні ұстады. Ол уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Белгілі болғандай, Диана сол күні үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Сол кеткеннен із түссіз жоғалып кетеді.

Марқұмның туыстары мен Шымкенттің еріктілері 21 шілдеден бері қызды жан жақтан іздеді. Бүгін полиция жас қыздың денесі қоқыс жәшігінен табылғанын хабарлады. Күдікті қызды өлтіргеннен кейін қоқысқа лақтырып кеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар