Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шерзат ісіндегі сотталушының әйелі алдады!”: Талғарлықтар алаяқ әйел туралы жаға ұстатарлық мәлімдеме жасады

19:01, 01 тамыз 2025 2428

Шерзат ісінде сотты болған Дидар Қалиахметтің әйелі Балауса Еркінқызының басы дауға қалды, деп хабарлайды Alash.kz.

“25 жасар келіншектен оңбай алдандық” деген жәбірленушілер журналист Руслан Өтепбайдан көмек сұраған. Айтуларынша, Балауса Еркінқызы бірнеше тұлғаға 2 млн - 7 млн көлемінде несие алдырып, артынша ізін суытып үлгерген. Күдіктіні іздеп Талғарға ат басын бұрған Руслан Өтепбай мәселенің жай-жапсарын анықтап, арнайы бағдарлама түсіріп келді:

“Талғар қаласының тұрғындары редакциямыздан көмек сұрайды.

Олардың айтуынша, Балауса Еркінқызы сенімге кіріп, несие алдырып, артынша зым-зия болған көрінеді.

Қоғам Балауса Еркінқызын Шерзат Полаттың сот отырысынан бері таниды.

25 жастағы келіншек сот залында күйеуін қорғаштап, әділ жаза тағайындалуын сұраған.

Ел Шерзат Полат сотының апелляция сатысын күтіп жүргенде,сотталушы Дидар Қалиахметтің әйелі таныстарын тақырға отырғызғаны рас па?

Ата-ене келіндерінің бұл іс-әрекетінен хабардар ма?

Балауса Еркінқызының өзі не дейді?

Толық шығарылымды таяу күндері YouTube арнамыздан көре аласыздар!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар