Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда ауыр апат болды: Жолдан "ұшқан көлік" бағана мен ағашқа ілініп қалды (ВИДЕО)

17:30, 02 тамыз 2025 478

Алматыда жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, жол апатына ұшырады. Автокөлік жолдан ұшып кетіп, ағаш пен жарық бағансының ортасында тұрып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазды Alash.kz.

Жол апаты 1 тамыз күні сағат 19:40 шамасында Түрксіб ауданында болған.

“Daimler Chrysler автокөлігінің жүргізушісі Майлин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, ағаш пен көше жарығы бағанына соғылған”, – деп мәлімдеді полиция департаменті

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 30 жастағы жүргізуші қыз зардап шекті. Ол жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді.

Жол апаты бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар