Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкері Алматы әуежайында жол ережесін бұзған көлікті тоқтатқан, деп жазады Alash.KZ.
Жүргізуші заңды талаптарды орындамай, құжаттарды көрсетуден бас тартып, қашуға әрекеттенген. Инспектор автокөліктің қозғалысын тоқтатпақ болған, алайда көлік оны бірнеше метрге сүйреп кеткен.
Сот қаулысымен оған 30 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.