Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көз бояу ма, көк бояу ма? Алматының коммуналдық қызметкерлері кімді алдап жүр? (ВИДЕО)

10:22, 31 шілде 2025 206

Алматылықтар жол жиегіндегі сарғайған шөпке жасыл сұйықтық шашып жүрген коммуналдық қызметкерлерге таңғалды. Жұмыс Шығыс айналма жолында жүргізілген, деп жазады Alash.KZ.

Медеу ауданы әкімдігі бұл әрекет көгалдандыру жұмыстары аясында жүргізілгенін түсіндірді. Әкімдік мәліметінше, арнайы бояғыш тыңайтқышпен бірге қолданылып, шөпке жасыл түс береді. Бұл құрал зиянсыз және эстетикалық көріністі сақтау үшін қажет.

Бұл әдіс “гидросебу” деп аталып, бүкіл әлемде, әсіресе қуаң және еңіс жерлерде кең қолданылатын көрінеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар