Өскеменде терезе жуамын деп бесінші қабаттан құлаған әже көз жұмды, деп жазады Alash.KZ.
Оқиға 30 шілде күні қаладағы Алматы көшесінде болған.
— Анықталғандай, қарт әйел бесінші қабатта терезе жуған кезде қауіпсіздікті сақтамаған. Соның салдарынан құлап кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.