Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Батыстың 15 елі Палестина мемлекетін мойындауға дайын

10:50, 31 шілде 2025 202

Құжат Нью-Йоркте Палестина-Израиль жанжалына арналған конференцияда қабылданды. Оның мәтінін Франция сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро жариялады, деп жазады Alash.KZ.

Қол қойған елдердің қатарында Финляндия, Испания, Ирландия, Словения, Португалия, Люксембург, Исландия, Норвегия, Аустралия, Канада бар. Олар 2023 жылдың 7 қазанындағы ХАМАС шабуылын айыптап, кепілге алынғандарды босатуды талап етті және аймақтағы ауыр гуманитарлық жағдайды атап өтіп, Газадағы соғыс қимылдарын тоқтатуға шақырды.

Сыртқы саяси мәлімдемеде Газа секторын қалпына келтіру, қарусыздандыру және ХАМАС-ты басқарудан шығару қажет екені де айтылған. Қазіргі Палестина әкімшілігінің сайлау өткізуге және болашақ мемлекеттіқарусыздандыруға міндеттеме алғаны көрсетілген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар