Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды: Меркіде шетел азаматын пышақтаған ер адамға үкім шықты

20:30, 31 шілде 2025 599

Биыл сәуір айында Жамбыл облысындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде мотоцикл жүргізушісі пышақ жарақатын алған еді, деп жазады Alash.KZ. 

Соттың мәліметінше, 2025 жылдың сәуір айында сотталушы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған кезінде, пышақ түріндегі суық қаруды өзімен бірге заңсыз сақтап, жанармай құю бекетінен шығып келе жатқанда жәбірленушімен соқтығысып қалған. Сотталушы Ә. болмашы сылтауды пайдаланып, бұзақылық пиғылмен пышақты алып, жәбірленуші Я.-ның арқа тұсынан келіп, екі рет пышақ соққысын жасаған. Салдарынан жәбірленушінің арқасына және оң жақ кеуде тұсына жарақаттар салған.

 

Сот үкімімен Ә. ҚК 287-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабы 2-бөлігінің 9) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 11 жыл 3 ай мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар