Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көптің тілеуі қабыл болды. Сүйінші! Ұлды болатынын білген Елдос Колобок қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО)

21:14, 07 шілде 2025 662

Қалың көпшілікке «Елдос Колобок» деген лақап атпен танылған блогер, әзілкеш, асаба Елдос Кәдірханов отбасындағы қуанышты жаңалығын жария етті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

"Сүйінші, Қазақ елі! Аллаға шүкір, жеттік осы күнге. Балапан, біз сені күтеміз", - деп жазды блогер.

Тележүргізуші, “Мәриям” қайырымдылық қорының негізін қалаушы Ләйлә Сұлтанқызы да ақжарма тілегін білдірді:

"Ұзақ жасырған едік. Алланың қалауы, халықтың тілеуінің, @mariyam_fund_kz қоры қолдауының нәтижесі. Аз қалды… Бәріміз сені күтудеміз Елдосұлы. Құдай тек тіл-көзден сақтасын",- деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар