Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогында Наталья Богданова чемпион атанды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Наталья Богданова финалда Лекейша Перголитимен (Аустралия) өзара мықтыны анықтады.
Үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілердің шешімімен Наталья Богданова жеңіске жетті.