Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақтың қайсар қызы Назым Қызайбай тағы чемпион атанды

14:59, 06 шілде 2025 279

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы Әлем кубогында Назым Қызайбай (48 келі) алғашқы алтынды қоржынға салды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Отандасымыз финалда үндістандық Минакши Минакшимен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек өте тартысты өтті. Назымның қарсыласы да соққыны көбірек жұмсауға тырысты.

Ол алғашқы 2 раундты өз пайдасына аяқтады. Нәтижесінде, Назым Әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Назым Қызайбай қазақстандық боксшылардан алғаш рет үш дүркін әлем чемпионы атанып, тарихқа енді.

Бұған дейін ерлер арасында да ешкім мұндай табысқа жеткен емес.

Бұдан бұрын Назым әлем біріншілігінде 2014 және 2016 жылдары топ жарған еді. Сондай-ақ, ол 2021 жылы Азия чемпионы атанып, 2024 жылы Париж Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар