Шешен Республикасының президенті Рамзан Қадыров өз өлімі жайлы тараған қауесеттерге жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
– Егер басқару жүйесі дұрыс жолға қойылса, күн сайын жиналыс өткізудің қажеті жоқ. Өзіне шақырып алып немесе телефон арқылы тапсырма беруге болады. Бізде дәл осындай жүйе жұмыс істейді. Ал олардың ойынша, егер адам жиналысқа қатыспаса ол не ауыр халде не өліп қалған болып саналады. Ол күнді күтпей-ақ қойыңдар, - деді Рамзан Қадыров жиналыста.