Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Кезіміз келіпті": Әнші Мақпал Жүнісова ел естімеген жаңалығымен бөлісті

21:06, 06 шілде 2025 1594

Халық әртісі Мақпал Жүнісова ресми түрде зейнеткерлік жасқа жетіп, демалысқа шыққанын жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы Мақпал Жүнісова концертінде айтты.

"Демалысқа шығатын кезіміз келіпті. Зейнет жасына жеттік. Бұл менің зейнеткер ретіндегі бірінші концертім", – деді ол.

Әнші залда отырған көрерменнің ыстық ықыласы мен ұзақ жылдар бойғы қолдауына алғысын білдіріп, зейнетке шыққаны өнерден қол үзу емес, керісінше жаңа тыныс, жаңа белес екенін меңзеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар