Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Интим қызмет көрсететін сайттағы жалған анкетаға жариялды": Ulysmedia.kz порталының бас редакторына ақпараттық шабуыл

12:13, 05 маусым 2025 370

Порталдың бас редакторы Самал Ибраева осылай мәлімдеді.

Мақаланы өшір, тақырыпты ауыстыр, суретті алып таста – әйтпесе көрсетеміз...”. Мұндай ескертуді бірнеше рет естідім. Ақыры көрсететінін көрсетіп тынды. Қыздар.нет сайты арқылы сұмдық шабуыл жасалды – менің суретім, аты-жөнім мен телефон нөмірім интим қызмет көрсетілетін сайттағы жалған анкетаға жарияланды. Бірнеше күннен бері телефоныма тыным жоқ – ұятсыз ұсыныстар мен мазасыз қоңыраулар үздіксіз келеді. Тіпті, таныстарым мен оқырмандар хабарласып, не болғанын сұрайды. Мен бәріне түсіндірумен әлекпін. Ал бұл қылмыстың артында тұрғандар, сірә, өздерін жеңімпаз сезінетін сыңайлы – цифрлық шабуыл арқылы пиғылдылар дегеніне жетті” деп жазды Самал Ибраева сайтта.

 
Ол мұны “сөз бостандығына төнген қауіп, ашық қысым мен қорқыту әрекеті” ретінде бағалайтынын жеткізді.

Оның сөзінше, полицияға арыз түсіргеннен кейін 5 күннен соң цифрлық буллинг және киберқылмыс бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, осы істі бақылауды өтінді, деп жазды "Азаттықтың" телеграм арнасы.

Екі жыл бұрын Самал Ибраева Астанада біреулер редакцияға шикі ет пен балаларының суреті салынған қорап беріп жібергенін хабарлаған еді. Ибраева оқиғаны "қорқыту" деп бағалаған. Оның алдында ол белгісіз біреулер сайтты бұзып, оған өзінің және отбасы мүшелерінің жеке мәліметтерін жариялағанын айтқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар