Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Енді құпияны ашатын уақыт келді": Ninety One тобының мүшесі қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

08:57, 24 тамыз 2025 306

Қазақстандық әйгілі Ninety One тобының мүшесі, көпшілікке АСЕ есімімен белгілі әнші Азамат Ашмақын алғаш рет әке атанатынын жария етті. Ол бұл қуанышты хабарды өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Әнші сүйіктісімен бірге өткізген гендер пати кезіндегі бейнежазбасын жариялап, өміріндегі маңызды сәтті жариялайтын уақыт келгенін атап өтті.

"Бүгін өміріміздегі маңызды да көптен күткен сәтті бөліскім келеді. Бұл сәтті біз үлкен толқумен, қуанышпен күттік. Енді кішкентай құпияны ашатын уақыт келді деп ойлаймын. Сіздерді осы жылы әрі қуанышты күнді бізбен бірге өткізуге біздің гендер патиге шақырамыз", – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Азамат Ашмақынның жары – Нұрила Шакирова. Ол Instagram желісіндегі парақшасында өзін продюсер ретінде таныстырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар