Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістанда полицей уақытша ұсталған аяғы ауыр әйелді аяусыз зорлаған

14:00, 23 мамыр 2025 906

Түркістан облысында уақытша ұстау изоляторында отырған әйелге зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен айыпталған полицейге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ALASH.KZ КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

«2025 жылдың 8 мамырында шыққан сот үкіміне сәйкес, айыпталушы кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, үкім заңды күшіне енген жоқ, себебі айыпталушының қорғаушысы апелляциялық шағым түсірді», – делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сарыағаш аудандық сотында қаралған қылмыстық іс бойынша полиция қызметкері қызметтік міндетін орындау барысында зорлық-зомбылық жасаған деп айыпталған. Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушы 2024 жылдың 17 қыркүйек күні кешкі уақытта Сарыағаш аудандық уақытша ұстау изоляторында қамауда отырған Ж. есімді әйелді зорлаған.

Оқиға бейнебақылау камерасы орнатылмаған бөлмеде болған.

Сот мәліметінше, жәбірленуші сот отырысында жыныстық қатынасқа өз еркімен барғанын, арызды жүктілік кезінде күйзеліс жағдайында жазғанын айтқан.

«Айыпталушы өзін ақтауды сұрады, жақындық өзара келісіммен болғанын, бірақ қызмет бабын пайдаланғанын мойындады. Қорғаушы да осы ұстанымды ұстанды», – делінген хабарламада.

Айыпталушының кінәсі сот-медициналық және биологиялық сараптама қорытындыларымен, ультрадыбыстық зерттеу нәтижелерімен, жәбірленушінің тергеу барысындағы көрсетулерімен, беттестіру хаттамаларымен және басқа да қылмыстық іс материалдарымен дәлелденген.

Сот айыпталушының отбасылық жағдайы мен жәбірленушімен татуласуын жеңілдететін мән-жай деп танып, ал қызметтік анты мен ішкі істер органдарының тәртібін бұзуын ауырлататын мән-жай ретінде қарастырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар