Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының көптен күткен жинағы жарық көрді.Бұл – «Алашорда ісі. 1920-1940 жылдар. Құжаттар мен материалдар» деп аталатын 12 томдық архив құжаттары.Жаңа басылым – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы барысында жиналған бірегей архив құжаттарынан тұратын жинақ.Бұл жинақты дайындауға 30-дан астам тарихшы, архивші және археограф атсалысты. Олардың қатарында ҚР Президенті архивінің, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметкерлері бар.Жобаның ғылым жетекшісі – ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев.Басылымға партиялық-мемлекеттік құрылымдарда және арнаулы мемлекеттік архивтерде арнайы сақталған 3 мыңнан астам материал енді.Оның ішінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов және басқа да қайраткерлер өмірінің бұрын беймәлім тұстарынан сыр шертетін құжаттар бар.2 мың данамен жарық көрген жинақ еліміздің оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне таратылады. Осылайша, Қазақстан тарихын одан әрі зерделеу және елдің тарихи жадын сақтап, нығайту тұрғысынан өте маңызды және аса құнды бірегей материалдар алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді.Жалпы, 2020-2023 жылдары жұмыс істеген Мемлекеттік комиссияның қызметіне 425 ғалым, оның ішінде аймақтардан келген 260 зерттеуші жұмылдырылды. Үш жылдың ішінде 60 мемлекеттік және ведомстволық архивтен 700 мыңға жуық іс жиналды, 2.6 миллионға жуық материал мен құжаттың құпиялығы алынып тасталды, саяси-қуғын сүргіннің құрбаны болған 311 мыңнан астам адам ақталды, деп жазды ол.
Сүйінші! Алаш қозғалысының тарихына қатысты 12 томдық жарық көрді

“Жол апатынан жеті адам тірідей жанып кетті”. Жолаушылардың соңғы видеосы тарады (ВИДЕО)
09:31, 07 шілде 2025 874
Ел қоржынына 8-ші алтын: Айбек Оралбай бокстан Әлем кубогының финалында жеңіске жетті
08:52, 07 шілде 2025 183
«Kaspi Travel арқылы тур алған...»: Қазақстандық Түркияда демаламын деп тосын жағдайға тап болды
19:24, 06 шілде 2025 1168
«Үлкендердің ойыны»: Продюсер Жан Мұқанов Төреғали Төреәлі туралы бар шындықты жайып салды
19:05, 06 шілде 2025 593
"Маған оңай емес": Руслан Берденовке оқ атқан жігіттің анасы алғаш рет мәлімдеме жасады
18:21, 06 шілде 2025 926
«Үлкейген сайын алжып бара жатыр»: Баян Алагөзованы қоянға теңеген Меруерт Түсіпбаева ел сынына ұшырады
00:12, 06 шілде 2025 1739