Еліміздің бас қаласы – Астана туралы қызықты статистикалық мәліметтер жарияланды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Астана қаласының халқы 1 566 566 адамға (823 766 әйел және 742 800 ер адам) жетті.
2025 жылдың бірінші тоқсанында елордада 6 025 сәби дүниеге келсе, ал осы кезеңде 1 914 неке ресми түрде тіркелді.
Қала халқының өмір сүру ұзақтығы 78,52 жасты құрайды.
Қалада қазіргі таңда 14 жоғары оқу орны, 10 театр және 7 мұражай жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Қазақстанда ресми түрде Астана есімін иеленген 24 адам бар екені белгілі болды.