Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сара апамыздікі - рухани ауру" - Сара Назарбаеваның денсаулығы туралы соңғы ақпарат жарияланды

16:58, 17 шілде 2025 786

Экс-президенттің жары Сара Назарбаева Алматыдағы ұлттық госпиталде әлі емделіп жатыр, деп жазады Alash.KZ.

Ұлттық госпиталь директоры Асхат Браловтың мәлімдеуінше, Назарбаеваға қажетті медициналық қызмет бекітілген стандарттарға сай көрсетіледі. Ол білікті мамандардың бақылауында.

Дегенмен диагноз, денсаулық жағдайы, емдеу әдістері туралы ақпарат медициналық құпия санатында екен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Назарбаевтар әулетіне өте жақын адамдардың бірі саналатын белгілі дінтанушы, қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы «Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» алаңына сұхбат беріп, Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы туралы айтқан болатын. 

“Сара апамыз тірі. Оны енді мынау біздің ақпарат көздері байқап жазу керек. Әрине, жасы үлкен - 85 жаста. Соңғы ондаған жыл ол кісі елдің көзінен таса болды. Әулеттік жағдайлар болды. Ауыр жағдайлар болды. Айсұлтан немересі қайтыс болы. Оның алдындағы Рахат пен Дариғаның оқиғасын қараңыз. Оның бәрі әйел адамға ауыр ғой. Бір кезде ұйып отырған керемет әулет. Бұл саяси астарын айтып, кім кінәлі, кім кінәсіз деген мәселе емес, ол - әйел адам бәріне жаны ашиды. Бәрін жақсы көреді.

Көмекшілерінен естігенмін. Қатты ауырды. Елбасы өзі ұшып келіп, қасында үш күн отырған. Дәрігерлер “қайтады” деп айтқан. Мұнда адамдар ауруына қарау керек. Сара апамыздікі - рухани ауру. Балаларының тағдырын уайымдап, болмай қалған әулетінің қиын тағдырын ойлап, содан рухани кеселге ұшырады”,- деді Бейбіт Сапаралы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар