Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Дубайдан пәтер алды" - Жұрт Ырысбала Икрамбайдың да қорын тексеруді талап етуде

14:41, 17 шілде 2025 610
 

Блогер Ырысбала Икрамбай оқырмандарының сұрағына жауап беру кезінде сынға қалды, деп жазады Alash.KZ.

Перизат Қайратқа қатысты даулы мәселеден кейін кейбір желі қолданушылары Ырысбала Икрамбайдан да күдіктене бастаған. 

"Ырысбаланы да тексеру керек. Үй салып жатыр, Дубайдан пәтер алды", – деп жазды бір оқырман.

Бұл пікірге блогер ашулана жауап берді.

"Айналайындар, жәрдемақының өзін отбасындағы табысқа қарап берейін деп жатқан үкімет сендерге ақымақ емес қой. Егер 50 миллионнан астам қаржыға мүлік алсаң, банктегі есепшотың бұғатталады. Сосын кіріс көзін дәлелдеуге тура келеді. Декларация, салық, бәрі тексеріледі. Сендерсіз де бәрі бақылауда", – деді Ырысбала өз парақшасында.

Бірақ желі қолданушылары бұл пікірінен кейін оны да тексеру қажет екенін алға тартты.

Олар “Таза алаяқ осы", "Айналайындар деп зіркілдемей-ақ қой", "Ашуланғанына қарағанда күдікті нәрсе бар сияқты", "Бір күнде байып кетті", "Бәрін үй, көлікпен қамтамасыз етіп жүр, өзі қайдан тапты?" деп жазды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар