Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Раймның жақындарына жасаған жақсылығын айтты, деп хабарлайды Alash.KZ.
Өнер иесі оқырмандарының сұрағына жауап берді. Әншінің тыңдарманы жолдасының өте бай әулеттен шыққанының рас-өтірігін сұрады.
“Күйеуімнің дәулетті екені рас. Бірақ көрсетпейді. Айтқызбайды. Мен мақтанып, айтқым келеді. Бірақ оған рұқсат етпейді. Жақындарына беріп жатқан сыйлығы көп. Бір-бір машина мінгізді. “Жұрт Райм тек әйеліне ғана береді демесін, туысқандарға бергендеріңді де көрсетейік” деймін. Ол көнбейді. Сондықтан, міне беріп жатырмын деген пост күтпей-ақ қойыңыздар! Бәрін Алла разылығы үшін істейді”, – деп жазды Ерке Есмахан.