Қырғызстанда экс- президент Алмазбек Атамбаевтың отбасы үйінен күштеп шығарылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Экс-президенттің балалары Әлия Шағиева мен Қадырбек Атамбаев әлеуметтік желідегі парақшаларында жазба жариялап, Қой-Таш ауылындағы үйінен қуылғандарын мәлімдеді.
Әлия Шагиеваның айтуынша, полиция қызметкерлері олардың барлық затын шығарып, арнайы орнатылған контейнерге тиеген.
Отбасы сот істері әлі жалғасып жатқандықтан, мұндай әрекетті заңсыз деп есептейді. Атамбаевтардың балалары қазір туыстарының үйіне уақытша орналасқан.