Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Дүние жинағаным не керек дейтін…”: Бибігүл Төлегенова Қонаев жайлы ел естімеген естелігін бөлісті

19:54, 15 қыркүйек 2025 484

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова "Айқын" газетіне берген сұхбатында Дінмұхамед Қонаев жайлы еске алды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

"Димекеңмен кезінде бір - екі рет жүздескенмін. Марқұм Ермек Серкебаев екеуміз барып арнайы сәлем беретінбіз. Диме­кеңнің қарапайымдылығы сон­шама, ол адам үйге кіргенде төрде паңдана күтпей, есіктің алдына шығып қарсы алатын. Кейін Дінмұхамед Қонаев тақтан түскен соң бірсыпыра уақыт қысымшылықты бастан кешті ғой. Бір кез­дері Димекеңнің үйіне баяғыдай еркін баруға ешкімге рұқсат бе­рілмеді. Үй алдын­да жүрген күзетші бізге Қонаевпен сағат кешкі 20:00 - ге дейін ғана сұх­баттасуға бола­тынын түсіндірді. Ал басқа уақытта кіруге ты­йым са­лынды. 

Кезінде маған «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілген уа­қытта ең бірінші хабар­ласып құттық­таған жан – Дін­мұхамед Ахметұлы­ның өзі еді. Сонда Димекең риясыз қуа­нып: «Құттық­тай­мын сені! Ба­қыт­ты бол, игілігімен болсын!» деп тілегін айтты. Дінмұхамед Қонаев партияның бірінші хатшысы қыз­метін атқаратын уақытта галстук пен костюмін киіп, сықиып оты­ратын. Өзі денелі адам еді. Бір күні ол маған: «Қызым, сен бойдақ­тардың шайын ішкің келмей ме?» деп хабарласты. Мен дәл сол сәтте консерваториядағы жұмыстан қайтқан едім, сағат кешкі бес-алты шамасы болатын. Жүгіріп жетсем, есік алдынан қарапайым ғана спорттық киім киген, жылы жүзді жан қарсы алды. Әдеттегі ресми киімде отырған Димаш жоқ. Қазір сол кездерде таспаланған естеліктердің біршамасы есімде қалмапты. Әңгіме арасында ол өткен өмірінен сыр шертіп, біраз мәселені қаузайтын. Әуелі Мәс­кеуде оқуды тәмамдаған соң Бал­қашқа жіберілгенін, содан кейін Зухра Шәріпқызы келгенін айтты. «Барақ үйлерде тұрдық, тұрмыс қиын болды» дейді. Кейін Өске­мендегі Риддерге жіберіпті. Сол тұста елде соғыс басталып, өзі оқталып майданға аттанғысы келген, бірақ оны «елге қажетсің» деп жібермеген екен. Димекең сұрапыл соғыс кезеңінде 8 оқтың біреуі Риддерден болғанын ай­тады.  Сондай бір жүздесулеріміздің бірінде мынадай қызық оқиға бол­ған. Дінмұхамед Қонаевтың үйінде үй күтушісі орыс әйел жүретін. Бір кезде Димаш үй кү­тушісінен : «Сен мұнда кім отыр­ғанын білесің бе?» деп сұрады. Сол әйел мені алғаш көргенде кім екенімді білмей, тек жүзі таныс көрінгенін айтқан. Сонда Ди­мекең: «Бұл біздің аңыз қызымыз, бұлбұл – Бибігүл Төлегенова» дегенде, үй күтушісі шошып кетіп, қолындағы шәйнектегі шайды төңкеріп алды.

Димекең Зухра апамызбен талай қиындықты бірге өткер­генін, тұрмыс ауыр болғандықтан, баласыз қалғандарын да мұңая еске алды. Жары қайтыс болған­нан кейін біраз уақыт жалғыздықта өмір сүрді. Әрине, мұндай кезеңде оның көңілі құлазиды. Осылай жүздескен уақытта ол үнемі: «Үкімет менің басымдағы қалпа­ғым­нан бастап, аяғымдағы шұ­лығыма дейін тегін берді. Зухра Шәріпқызы ауырған кезде барлық пианино, кілем, жиһазымызды балалар үйіне өткіздік. Тапқан - таянған жалақымды да сонда аударып отырдым. Егер Үкімет маған киімім мен тамағымды беріп отырса, дүние жинағаным не керек?», – дейтін. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар