Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Дәретханада соққыға жығылған”. Жамбыл облысында төбелестен 9-сынып оқушысы көз жұмды

17:32, 15 қыркүйек 2025 476

Жамбыл облысында бірнеше күннің ішінде төбелестен тағы бір оқушы көз жұмды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Желіде тараған мәліметке сүйенсек, жазатайым оқиға дәретхананың ішінде болған. 9-сыныптың оқушысына кеуде тұсынан соққы тиіп, сол жерде тіл тартпай кетті.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті жасөспірімді анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі уақытта істі толық, объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеудің мүддесі үшін өзге деректер жария етілмейді», – делінген Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада,



 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар