Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жерде қансырап жатты”: Сотта Берденовтің алған жарақаттары көрсетілді (ФОТО)

21:18, 13 тамыз 2025 227

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша тыңдалым жалғасуда. Сот отырысында атыс сәтін мерекелік отшашу деп ойлаған куәгерлер жауап берді, деп Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгер Гауһар Нұржанова алғашқыда қатты дыбысты отшашу деп қабылдағанын айтты.

"Басында отшашу атылғандай болып көрінді. Бірақ құрбым бірден әрекет етіп, "еңкей" деді. Сонда атыс екенін түсіндім. Жерде ақ жейде киген адам қансырап жатқанын көрдім. Жедел жәрдем келген сол жерде болдық, басына шолақ жең киімімді төсеп қойдым", – дейді ол. 

Ернар Жиембайдың досы Бағлан Момынов оқиға болған күні досына сөмкесін тасуға көмектескен, бірақ ішінде не болғанын білмеген.

"Біз әдетте балық аулауға баратынбыз. Сол күні мен жұмыстан қолым босамай, оқиға туралы теледидардан білдім", – деді ол.

Тыңдалымда төрт куәгер сөз сөйледі. Олардың бірі Аманғали Кенжебеков Жиембайға жұмыстан шығу туралы арыз жазу жайын сұрағанын, оған Жиембай "маған бір ай берді" деп жауап бергенін айтты.

Сондай-ақ осы оқиғаның видеосы сотта алғаш көрсетілгенін жазған едік.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар