Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жыланбаев сырттан хабар алып, шағым түсіру құқығынан айырылды

09:22, 30 мамыр 2025 276

Марат Жыланбаев Степногорск қаласындағы колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол қысым көріп жатқанын айтып, сыртпен байланыстан айырылғанын және жағдайына шағымдану құқығы шектелгенін мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ сайты ulysmedia.kz материалына сүйеніп.

Марафоншы Марат Жыланбаев Степногорск қаласындағы колонияда 2025 жылы наурыз бен мамыр аралығында ұзақ мерзімді аштық жариялаған. Бұл оның денсаулығына кері әсер еткен. Бұл туралы адвокаты Мейіржан Досқараев мәлімдеді.

Аштық тоқтағаннан кейін Жыланбаев тәртіптік изоляторға (ДИЗО) жабылған. Қорғаушысының айтуынша, онда жағдай ауыр күйде. Адвокаттың сөзіне қарағанда, ресми байланыс терминалдары болғанына қарамастан, марафоншының шағымдары мен өтініштері мекеме аумағынан тысқары шықпайды. Оған бұл құрылғыларға қол жеткізу де шектелген. Кез келген сыртқа жолдауға дайындалған құжаттар, соның ішінде адвокатқа арналған жазбалар тәркіленеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар