Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Хиджаб - бұл қысым емес, таңдау. Қызымды ешкім мәжбүрлемейді” - Айдана Меденова дауға жауап берді

09:13, 19 тамыз 2025 438

Әнші Айдана Меденова кішкентай қызының хиджаб киюіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Көпшілігі асыра сілтеп, бізді қызымды хиджаб киюге мәжбүрлейді деп жазып жатыр. Естеріңізге саламын: Амина әлі бала. Бұл жаста хиджаб кию міндет емес. Егер ол бүгін шешіп тастаймын десе, ешқандай мәселе жоқ.

Мен әрқашан Аминаға: сен өзіңнің құндылығыңды ешкімге дәлелдеудің қажеті жоқ деп айтамын. Хиджаб – бұл қысым емес, Аллаға деген махаббат пен өз-өзіңді құрметтеу. Бұл – таңдау», – деді ол.

Мен бұған жылдар бойы жеттім. Ал қызым бұл қадамға менен де тез әрі шынайы барды. Әр адамның жолы өзіне тән. Мен тек дұға етемін, оның жолы жеңіл, саналы әрі нұрлы болсын», – деді Айдана Меденова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар