Серік Қалиев 2004 жылы елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы Асқар Құлыбаевқа қастандық жасамақ болды деген айыппен сотталған болатын. Ол өз кінәсін мойындамайды, деп хабарлайды Alash.KZ порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Дау-дамайға толы істің басты кейіпкері кеше бостандыққа шықты. Заречныйдағы қатаң режимдегі колония қақпасынан оны туған-туыстары қарсы алды. Олар Қалиевті Алматыға алып кетті. Адвокат Айман Омарованың айтуынша, ол өзін «тозақтан қайтып келгендей» сезінеді.
«Серік 22 жыл түрмеде отырды. Осы уақыт ішінде ол ұлы мен немерелерінің өскенін көре алмады. Бірақ адам төзгісіз қиындықты бастан өткерді. Түрмеде С гепатитін жұқтырып, түрлі созылмалы ауруларға шалдықты. Сол себепті кейбір адамдар оның бостандыққа шығуын әдейі кешіктірді», – деді адвокат.
Кезінде республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырып, қайырымдылықпен айналысқан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әуесқой бокс федерациясы қауымдастығының вице-президенті болған адамға кім және не үшін қастандық жасағысы келді?