Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінде қазақтардан кім өнер көрсетеді?

11:14, 07 тамыз 2025 618
 

Отандық шоу-бизнестегі ең жас әртістердің бірі Sadraddin әлемдік поп-музыканың жұлдызы Дженнифер Лопестің концерті алдында өнер көрсетпек, деп жазады Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

10 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтетін ауқымды шоуда Sadraddin pre-show форматында сахнаға шығып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Ұйымдастырушылар концертке ертерек келуді ескертті. Орталық стадионның есіктері сағат 15:00 ден бастап ашылады.

Бұған дейін Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертінде қазақстандық танымал "Формат" тобының солисі Қайрат Баекенов өнер көрсеткен еді. Қайрат Баекеновтің айтуынша, мұндай ұсыныс концерттің Қазақстандағы ұйымдастырушыларынан емес, тікелей Дженнифер Лопестің командасынан түскен. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар