"Мен жолдасымды түсінемін. Оған да бала-шағасының көп болғаны жақсы. Кез келген ер адамға ұл бала керек. Оның да ортасы бар, ағайын-туысы бар. Барлығы жан-жақтан айтады. Менікі дұрыс, оныкі бұрыс деп айта алмайтыным содан. Ешкімді кінәлай, ешкімге ренжи алмаймын. Сондықтан бір бағдарламада да айтқанмын. Егер екінші отбасын құрамын десе, қарсы емеспін деп. Мен әрі қарай перзент таба алмайтын болсам, қарсы емеспін. Өйткені жақсы азаматтан жақсы ұрпақ қалу керек", - деді ол.