Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков депутаттық сауалында еден жуушы, аула сыпырушы, күзетші, вахтер сияқты техникалық мамандықтар бойынша зейнетке шыққандарға құрметті атақтар мен төс белгілер енгізуді ұсынды, деп жазады Alash.KZ.
Депутат қоғам назарын олардың мәртебесі мен еңбек жағдайын көтеруге аударды.
"Біз жұмыскердің мәртебесін көтеру туралы сөз еткенде, нені меңзейміз? Мекеменің беделін емес, сол мекемеде еңбек етіп жүрген қызметкердің мәртебесін көтеру жайында сөз болуға тиіс. Әсіресе қоғамның өмір сүруін қамтамасыз ететін, көзге көрінбейтін, бірақ аса маңызды жұмыс атқаратын – еден жуушылар, техникалық қызметкерлер, гардеробшылар, күзетшілер, вахтерлер, аула сыпырушылар және басқа да көмекші мамандық иелерінің мәртебесі мен еңбек жағдайы – өзекті мәселе", – деді депутат.
Ол көбіне басшылықта отырған немесе негізгі мамандарға ғана назар аударылатынын атап өтті. Алайда күзетші – біреудің әкесі немесе ағасы, ал еден жуушы – біреудің анасы немесе әпкесі емес пе?
"Иә, олардың еңбегі беделді мамандықтар қатарына жатпауы мүмкін, бірақ біз оларды құрметтеп, адами, азаматтық және әлеуметтік мәртебесін көтеруге міндеттіміз. Олардың да балалары бар. Олар "Менің анам – еден жуушы болған, әкем – аула сыпырушы болған" деп мақтанышпен айта ала ма? Біз солай айтатындай жағдай жасауымыз керек. Бүгінде бұл жұмыскерлердің жалақысы елдегі орташа деңгейден әлдеқайда төмен. Ауыр физикалық еңбекке қарамастан, олар әлеуметтік қорғаудан, жеңілдіктер мен кәсіби қолдаудан жиі тыс қалып отыр", – деді Таңсауле Серіков.
Мәжіліс депутаты бұл қызметкерлер бір күн жұмысқа шықпай қалса, көшелер қоқысқа толып, кеңселерді шаң басып, тазалық кететінін айтты.
"Неге біз бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлмейміз? Аула сыпырушылармен және техникалық қызметкерлермен сөйлескенде, олар аз жалақы, жеңілдіктердің жоқтығы және әлеуметтік менсінбеушілік үйреншікті шындыққа айналғанын айтады. Қазіргі таңда негізгі мәселелер қатарында төмен еңбекақыны, нақты әлеуметтік мәртебенің болмауын, сауықтыру және демалыс мүмкіндіктерінің шектеулі екенін, кәсіби өсу мен қайта даярлау жағдайының жетіспеушілігін атап өтуге болады", – дейді депутат.
"Анам – еден жуушы, әкем – аула сыпырушы болған" - депутат техникалық мамандық илерінің айлығын көтеруді ұсынды (Видео)

Үкімет 1 млрд теңге бөлді - Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар ұйымдастырылмақ
11:40, 27 маусым 2025 22
«Президент мені күтіп тұр» - Сауық Жақанова Тоқаевтың қолынан орден алған сәті туралы айтты (Видео)
11:37, 27 маусым 2025 112
«Канело мен Әлімханұлы жекпе-жек өткізуі мүмкін»: Әлем чемпионына ұсыныс түсті
09:54, 27 маусым 2025 194
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды (видео)
09:31, 27 маусым 2025 107
"Алла бәрін орнына келтіреді» - Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі неге көз жасын төкті?
09:00, 27 маусым 2025 335
Ресей Тұранды соттады - Украина үшін соғыспақ болған 19 жастағы қазақстандық 12 жылға сотталды
19:07, 26 маусым 2025 238
Иістеніп кеткен - Форт-Шевченко тұрғыны танысын өлтіріп, пәтерінде сақтағаны үшін сотталды
18:59, 26 маусым 2025 190
Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласының үстінен қылмыстық іс қозғалды (Видео)
16:58, 26 маусым 2025 221
"Көп нәрсе айтқым келеді" - Мұстафа Өзтүріктің қызы тосын мәлімдеме жасады (Видео)
15:41, 26 маусым 2025 382
"Жол берілмейді" - Руслан Берденов Respublica партиясындағы қызметінен неге кеткенін мәлімдеді
15:29, 26 маусым 2025 739
Америкада қазақстандық актер өртеніп жатқан көліктен адамды аман алып қалды
15:05, 26 маусым 2025 202