Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуандық Бишімбаев жұмыс таппай отыр

09:30, 27 маусым 2025 238
 

24 жылға сотталған экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесінде әлі жұмыс таппады, деп жазады Alash.kz сайты KursivMedia ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Баймағанбетовтың ақпаратынша, колония аумағында қазір құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

"Бизнес-аймақ жұмыс күшімен толық қамтылған. Жаңа цехтар ашылған соң қосымша жұмыс орындары пайда болады, сол кезде барлық сотталғанды еңбекке тартамыз. Қазір жазасын өтеушілердің 60 пайызы жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Сотталғандарды таңдап алмаймыз", - деді Баймағанбетов.

Еске сала кетейік, былтыр күзде де Қуандық Бишімбаевтың түзеу мекемесінде жұмысқа орналаспай жүргені хабарланған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар