Партиядағы қызметінен кеткен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.KZ.
"Мен Respublica партиясының @respublica_partiyasy тең төрағасы ретіндегі миссиямды аяқтау жөнінде шешім қабылдағанымды хабарлаймын. Бұл шешім саналы түрде және өзіме қатысты бірқатар объективті себептерге байланысты қабылданды.
Біріншіден, белгілі болғандай, қазіргі уақытта мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметті саяси партиядағы жетекшілік қызметпен қатар алып жүруге жол берілмейді. Мен заң талаптарын құрметтеймін және оны қатаң сақтаймын.
Екіншіден, партияның ішкі қағидаттарына сәйкес, партия мүшелері мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқара алмайды. Біз саяси үдерістерге қатысу партия ішіндегі билік құрылымымен араласпауы тиіс деп санаймыз.
Үшіншіден, қазіргі таңда өз денсаулығымды қалпына келтіруге баса назар аударып жүрмін. Мен әрдайым жұмысыма жоғары жауапкершілікпен қарап келдім, бұдан кейін де мемлекеттік қызметтегі лауазымымды өз деңгейінде атқаруым керек. Сондықтан да дәл қазір өзімді жақсы сезіну үшін күш-қуатымды соған салудамын.
Мен партия жолының бастауындағы құндылықтар мен идеяларға адал болып қала беремін және Respublica командасына алдағы уақытта зор табыс тілеймін. Бірге жұмыс істеген әріптестеріме шын жүректен алғыс айтамын!" деп жазды ол парақшасында.
"Жол берілмейді" - Руслан Берденов Respublica партиясындағы қызметінен неге кеткенін мәлімдеді

«Тарихи шешім!»: Сүйінші! Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне «ұлттық» мәртебесі берілді
13:55, 12 тамыз 2025 148
“Ерекше құрмет”. Тоқаев Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президентін қабылдады
13:28, 12 тамыз 2025 45
“Сөзім жоқ!”. Мадина Сәдуақасова Дженнифер Лопес жайлы ел естімеген шындықты айтты
11:00, 12 тамыз 2025 1350
“Сіздерге де жұғысты болсын“. Сүйінші! Тамара Асар көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті
09:00, 12 тамыз 2025 1182
“Қолдайтын күйеуің қайда? Көңіліме қатты тиді”. Мереке Қалбаева жолдасы жайлы бар шындықты айтты
21:21, 11 тамыз 2025 1575
Сүйінші: Қазақ қыздары Гүлнәз Бөрібаева мен Бақыт Сейдіш Азия чемпионы атанды
16:14, 11 тамыз 2025 355
“Білгілеріңіз келе ме?”. Тұрсынбек Қабатов алғаш рет жеке өмірі жайлы бар шындықты айтты (ВИДЕО)
15:03, 11 тамыз 2025 2213
“Күндіз-түні ұшты”. Сорбұлақтағы тікұшақ апатынан көз жұмған командирдің анасы ұлы туралы айтты
13:44, 11 тамыз 2025 992
“Балаларым үшін сынбаймын. Көңілім қалды…”: Мереке Қалбаева жеке өмірі жайлы бар шындықты айтты
12:52, 11 тамыз 2025 2378
“Танысымыз жоқ, қарсы тұра алмаймыз”. Берденовке оқ атқан күдіктінің әкесі шұғыл мәлімдеме жасады
11:54, 11 тамыз 2025 1357
“Жанболат екеуміз алғаш рет…” Жазира Байырбекова ел естімеген жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)
10:58, 11 тамыз 2025 1655
Сүйінші: Еліміздің дарынды оқушылары халықаралық робототехника чемпионатында жеті жүлде иеленді
09:50, 11 тамыз 2025 260
"Украиндар өз жерін ешкімге бермейді":Зеленский маңызды мәлімдеме жасап, Трампқа сес көрсетті
21:00, 10 тамыз 2025 940
"Дұғада болыңыздар": Назым Қызайбай тосын мәлімдеме жасап, жанкүйерлерін алаңдатып қойды
19:55, 10 тамыз 2025 5388
Қазақтың тазысы халықаралық жарыста тарихи жеңіске жетіп, әлем назарын өзіне аударды
19:30, 10 тамыз 2025 584
"Жаман болса да бітім артық": Зеленский Путинмен сөйлесер алдында Тоқаевқа қоңырау шалды
18:07, 10 тамыз 2025 1849