Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті

17:29, 11 тамыз 2025 948

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесіп, марапаттады. Қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында сүйіншілетті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Бүгін Ақордада ерекше салтанатты, мерекелік сәт болды. Президент еліміздің ең дарынды, халықаралық беделді олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесті.

Көп елде мұндай зияткерлік жас элитаны ел Президентінің өзі құттықтай бермейді. Бұл – балалар үшін жай ғана ресми рәсім емес, олардың таланты, табандылығы мен еңбегінің еленгенін білдіретін айқын белгі. 

Мұндай сәтттер өмір бойы есте қалады. Бірақ бұл – тек балаларға ғана емес, бүкіл қоғамға және өңір әкімдеріне де берілген маңызды сигнал. Алдағы уақытта аймақ басшылары да осындай жеңістерді атап өтіп, жас өрендерді құттықтап, осындай жақсы дәстүрге айналады деп сенемін.

Президент ел тізгінін ұстаған алғашқы күннен бастап балаларға жағдай жасауды тек сөзбен емес, нақты іспен дәлелдеп келеді: ерекше балаларға арналған жаңа орталықтар, жаңғыртылған оқушылар сарайлары, қайта жанданған жазғы лагерьлер, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы – мұның бәрі Президенттің балаларға деген қамқорлығының айғағы. Бұның бәрі – еліміздегі балаларға бұрын-соңды болмаған қолдау.

2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен дарынды оқушылар алғаш рет бұрын тек спортшыларға ғана беріліп келген қомақты ақшалай сыйақыларға ие болды. Бұған қоса, олар емтихансыз, сенім негізінде, қалаған университетіне түсу құқығын алды. Сол жылдан бастап шәкірттеріне жол ашқан ұстаздар да алғаш рет лайықты марапатталды.

Бұл кездесу менің есіме сол 2021 жылы Президент атынан осындай дарынды өрендерге диплом тапсырып, олардың көзіндегі отты көрген сәттерді салды. Бүгінде еліміздің талантты жастарына қанат бітірген осындай өзгерістер көп екеніне ерекше қуанамын”,- деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар