Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Танымал болған сайын «ласқа былғау» да оңай» - Толқын Забирова Жұбаныш Жексенұлына қолдау білдірді

13:56, 10 тамыз 2025 586

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова Жұбаныш Жексенұлының басынан өткен келеңсіздікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы эстрада жұлдызы Instagram парақшасында жазды. Забированың айтуынша, танымал болған сайын өнер иесін жолдан тайдыратындар көп.

Жалпы бәрі мәдениеттен басталады.

Адам сол шекарадан асқанда, осындай жағымсыз жағдайлар орын алады.

Әжем айтушы еді: «Адал бол, ешкімнің ала жібін аттамай, өз жолыңмен жүр» деп. Біз қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, әрқайсымыз өзіміз үшін жауапкершілік алып, не істеп жатқанымызға есеп беріп, басқа біреуді жағымсыз әрекетке итермелемеуіміз керек.

Онымен қоса, өздеріңіз білетіндей, ер азаматтар — намысты, қайсар жандар. Біз, әйелдер, өзіміздің нәзіктігіміз бен даналығымыз арқылы олармен қарым-қатынаста сабырлық пен сыйластықты алға қоюымыз қажет.

Әрбір қазағым — жалғызым демекші, Жұбаныш Жексенұлының өнерін ерекше бағалаймын. Оның өнерге деген махаббаты мен сыйластығына қарап таңданамын. Негізі, өнер иелерін халыққа танымал болған сайын «ласқа былғау» да оңай.

Егер бір-бірімізді қарға секілді шұқып отырсақ, бізден не қалады?!

Сол себепті бір-бірімізге жанашыр болып, қамқорлық пен сыйластық танытайық.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар