Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сізбен бірге ғұмыр кешу - Алланың берген ерекше сыйы еді". Роза Мұқанова жазушы Әкім Тарази жайлы ерекше естелік жариялады

12:31, 31 мамыр 2025 982

Белгілі жазушы Роза Мұқанова жақында дүние салған жары, қазақтың белгілі қаламгері Әкім Тарази жайында жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ порталы.

Роза Мұқанова жары, қазақтың белгілі қаламгері Әкім Тарази жайында жазба жариялады:

Сізбен сұхбат құру да, сырласу да, бірге ғұмыр кешу де маған Алланың берген ерекше сыйы еді.
Өткен шақта сөйлеу өте қиын…Қиын!!!
Қатты ағынмен ұшып келе жатып, көзің байланып жартасқа соғылғандай жаралы сезім. Әуелгіде ет қызумен соғылып қалғаныңды жасырғандай, ұялғандай, өзгеге білдіртпей өзіңді-өзің алдаусыратқандай абайлап,абдырап күй кешу… Дәл сондай көңіл…
Қазір де екеуара әңгімемізге көз жүгіртіп отырмын. Оқыған сайын дауысыңды ап-анық естіп отырамын. Бұл дауысты тек мен ғана естимін.
“Ә.Т: … Сен мені досың ретіңде сақтай алдың, бағалай алдың. Ұят болса да айтайын,сен мені тазартып алдың, алтынды,күмісті тазартқандай.
Р.М: -Дос бола ма?..
Ә.Т: -Достық деген рухани орта. Ол ортада сені жақсы көретіндер де, жек көретіндер де болады. Рухани ортада тек таза, талантты адамдар ғана болмайды. Әр түрлі адам болады. Біреу - таланттың жанында жүргенді мақтан етеді, біреуі - жамандық жасау үшін де бірге жүреді. Мен сатқындық деген сөзді айтқым келмейді. Сатқындық - талантты адамға қиындық әкеледі. Таланттардың тағдыры үнемі қыл үстінде тұратыны сондықтан. Өйткені сатқын - таланттың жанында жүреді.
Р.М:- Жақсы адамсың!
Ә.Т:-Солай ма… жаным-ау! Жақсы адам санатында болсам, ол менің шығармаларымның бағалануы.Солай болар…
Р.М: -Көкө, біреу есікке қоңырау шалды, мен есік ашайын.
Ә.Т: - Мынауың драматургияның деталі - ситуация өзгерді, басқа бір кейіпкер араласты…”
Біздің ғұмыр осындай еді, КӨКӨ… - деп жазды қаламгер. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар