Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Торғай, Арқалық жұртына сәлем салып, қызу талқыға түсті, деп жазады Alash.KZ.
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қайын жұрты, әйелі Мөлдір Мұқанованың туған жеріне сәлем салып, елді таңғалдырды. Видеоны әзілкештің жұбайы Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында жариялады.
"Мөлдірдің оқырмандарына бір сәлем. Торғайлықтар, Арқалық, Амангелді Иманов, бір сәлем. Мен негізі ылғи да сәлем саламын", – дейді Баян Мақсатқызы.
Айта кетейік, Баян Алагөзова сәлем салу дәстүрін сынап, “жабайылыққа” теңеген еді.
“Алматыға келгенімде Шымкенттен келген қыздардың үнемі иіліп, сәлем салуы мен үшін өте жабайылық болды. Не үшін иілесің десем, бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек дейді. Бірі сыйластықтың белгісі деді. Кешіріңіздер, мен әкемді құрметтеймін. Атама деген құрметім шексіз. Үлкендерге, ер адамдарға құрметпен қараймын. Бірақ иіліп, сәлем салу деген менде атымен жоқ. Маған оны үйретпеген. Үйрете де алмайды. Бұл – менің таңдауым. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиелеген", – деген еді продюсер.
Сәлем салу жабайылық деген Баян Алагөзова айтқан сөзінен неге қайтты? (Видео)

БАҚ: Путин Иран саясаткерлерін айтақтатып, уранды байыту бастамасын қолдамауға үгіттеді
21:00, 12 шілде 2025 126
Әйел тағдырына арналған «Ақжелең» көркем фильмінің түсірілім жұмыстары жүріп жатыр
19:22, 12 шілде 2025 102
“Махаббат бар жерде ешнәрсеге қарамайсың”. Тұрсынбек Қабатовтың әйелі мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
17:28, 12 шілде 2025 1667
Бразилия халқы баж салығын салған Америка билігіне қарсы шығып, "Трампты" өртеп жіберді (ВИДЕО)
12:17, 12 шілде 2025 340
“Байғазыға 2 МЛН”: Дипломына бірегей сыйлық алған студент желіні шулатты (ВИДЕО)
20:50, 11 шілде 2025 633
ДАБЫЛ! Каспий суы тартылып барады! Ресейлік мамандар жаңа арал туралы не дейді?
20:10, 11 шілде 2025 902