Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көп нәрсені ашып айта алмай отырмыз". Алаяқтар арбап, жалғыз үйін сатқызып жіберген профессордың қызы мәлімдеме жасады

18:19, 12 шілде 2025 324
Алаяқтардың арбауына түскен профессор, журналистиканың білгір профессоры Кәкен Қамзиннің қызы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz.
 
Алаяқтар үйін сатқызып жіберген профессордың қызы мәлімдеме жасады:
 
- Әкем Кәкен Қамзин телефон арқылы жасалған манипуляцияның құрбаны болып, 5 миллион 500 мың теңге жеке қаражатынан және жалғыз үйінен айрылып отыр.
Оған қоса, қылмыскерлер әкеме таныстарынан 2 миллион 300 мың теңге қарыз алдыртқан. Үйін 31 миллионға сатқызған. Жиыны 38 800 000 теңгеге зардап шегіп отырмыз. Қылмыстық іс бойынша әкем алаяқтықтың құрбаны деп танылып, әзірше үйге арест қойылғаны туралы кеше жазғанмын. Бұл туралы ақпарат кеше біраз сайтқа жарияланып та үлгерді. Кеше адвокат іске кірісті. Тергеу кезінде заңға сәйкес көп нәрсені ашып айта алмаймыз. Сатып алушылардың бұл іске қатысы бар-жоқтығы қазір анықталып жатыр.
Кейіннен белгілі ғалымның қызы пәтер мәселесін сөз етті:
 
- Бұл бойынша негізгі мәселе пәтердің айналасында. Егер сот пәтерді сатып алушылардың пайдасына шешсе, онда әкем үйінен айрылады. Ал егер сот шешімі бойынша, үй әкеме қайтарылса, онда 4 баласы бар отбасы (егер шынымен алаяқтыққа қатысы жоқ деп анықталса) далада қалмақ. Екі жағдай да қиын.

Іс екінші нұсқа бойынша өрбігеннің өзінде, біз оларды далада қаңғытып, өзіміз үйде тыныш, түк болмағандай жата алмаймыз. Менің қолымда тиісті қаражат болса, мен өзім-ақ толық соманы өтеп, әкемнің үйін қайтарып берер едім. Бірақ ондай ақша бізде жоқ.

Екіншіден, ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбайдың сөзіне сүйенсек, алаяқтар жымқырған ақшаны шетелге транзакциялаған. Яғни ол ақшаның бізге қайту - қайтпауы белгісіз.

Сол үшін де өткен аптада папамның шәкірттері Ербол Азанбектің Kaspi номеріне қаржы жинап бастаған еді. Кейін менің шотыма жинауды жөн көріп, Ербол жиналған қаражаттың бәрін менің шотыма есебімен қоса жіберді. «Үй арестте тұр, сот шешімі шыққанша қайда барсаңдар, онда барыңдар» деуге бармай, адамгершілікке салып, папам және студенттері пәтерді сатып алушы отбасы 4 баласымен далада қаңғып қалмасын деп 1 айға 350 000 теңгеге пәтер жалдап берді. Оған қоса, дұрыс үй сатып алсын деп, 1 ай ішінде 33 миллион теңге тауып беруге келіскен. Оның 500 мыңын задаток ретінде беріп қойды. 
 
Шығынды алып тастағанда қазіргі кезде барлығы 1 749 257 теңге жиналып отыр. Енді тағы 30 752 743 теңге қалды. Біз қазір әкемнің қарызға алған 2 миллион 300 мың теңгесін және өзінің шотында болған жеке қаржысы 5 миллион 500 мыңды есепке алып жатқан жоқпыз. Біз тек үйіміздің мәселесін шешсек болғаны. ЕСКЕРТУ: қалған сома сатып алушы отбасының бұл қылмысқа қатысы жоқ екені анықталған жағдайда ғана табысталады! Қиын жағдайда әкеме қол ұшын созуларыңызды сұраймын. Реквизиттер: 
KASPI: 4400 4303 0478 0791
+7 775 650 58 09 Әсел Қ.
HALYK 4405 6397 9049 4098
+7 775 650 58 09 Әсел Қ. - деп жазды журналист.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар