Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

БАҚ: Путин Иран саясаткерлерін айтақтатып, уранды байыту бастамасын қолдамауға үгіттеді

21:00, 12 шілде 2025 95

Ресей басшысы Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамп пен Иран шенеуніктерінің ұстанымына қатысты пікір білдіріп, Иранның уранды байыта алмайтын ядролық келісім идеясын қолдайтынын айтты. Бұл туралы Alash.kz порталы Axios дереккөздерге сілтеме жасай отырып жазады.

Үш еуропалық және бір израильдік сұхбаттасушылардың айтуынша, Мәскеу ирандықтарды "нөлдік байытуға" келісуге шақырды. Ресей тарапы сонымен қатар Израиль үкіметіне Путиннің осы мәселе бойынша ұстанымы туралы хабарлады, деп екі сұхбаттасушы нақтылады. 

"Біз Путин ирандықтарға дәл осылай айтқанын білеміз", — деді Израиль шенеунігі басылымға.

Путин өткен аптада Трамппен және Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлескен кезде дәл осындай ұстанымды айтты, деп атап өтті Axios.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар