Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Атақ, абыройға ие болу үшін бұл өмірден озу керек шығар...». Әнші Бауыржан Исаев ел естімеген сөз айтты

09:12, 12 шілде 2025 251

Әнші Бауыржан Исаев Jibek Joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына сұқбат берді, – деп жазды Alash.kz порталы Aikyn.kz порталына сілтеп.


Әнші жүргізушілердің «Атаққұмарсыз ба?» деген сұрағына жауап берді. Айтуынша, сахнада жүргеніне 30 жыл болса да, ешқандай атақ алмаған.

"Жасыратыны жоқ, сахнада жүргенімізге келесі жылы 30 жыл болады. Бірақ әлі күнге дейін маған атақ берген жоқ. Ашуым да келмейді. Ренжімеймін. Бермесе, бермей-ақ қойсын. Біз ерекше халықпыз ғой. Атаққа, абыройға ие болу үшін бұл өмірден озу керек шығар. Маған атақ қатты керегі жоқ. Халық баяғыда беріп қойған атақты. Атаққа менен де лайықтылар жетеді. 2016 жылы «Дос-Мұқасан» тобының әншісі, негізін қалаушысы, өте абыройлы кісі Мұрат Құсайынов "Еңбек сіңірген қайраткері" атағын алады. Менің алдымда жүрген біраз аға-әпкелеріміз бар атақ алмаған", - деді Бауыржан Исаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар