Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарлығаштың ұясын бұза алмаған оператор жұмысынан бас тартты (ВИДЕО)

15:36, 03 шілде 2025 213

Батыс Қазақстан облысында ерекше жағдай қоғам назарын аударды. «ҚазТрансГаз» учаскесінде жұмыс істеген жүк тиегіш оператор Асқар табиғатты қорғау үшін жұмысынан өз еркімен бас тартты, деп жазады Alash.KZ.

Асқар 30 маусым күні траншеяны топырақпен көміп тастау тапсырмасын алған. Бұл траншея газ құбырын тартуға арналған болатын. Алайда ол жұмысты бастаған сәтте ішінде ұя салып, балапан өргізіп отырған бірнеше қарлығашты көріп қалады. Ұяларды таптап өтудің орнына, Асқар жұмысты тоқтатуды жөн көреді.

«Мен оларды басып кете алмадым. Бұл — тіршілік иесі. Олар біз секілді өмір сүріп жатыр», — дейді Асқар.

Ол өзінің бұл әрекеті жұмыс берушіге ұнамайтынын түсінсе де, ар-ұжданына қарсы шыға алмағанын айтады. Ақыры ер адам 30 маусымда өз еркімен жұмыстан кету туралы шешім қабылдайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар