Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жойып жіберіңдер» - AZAL ұшағын атып түсіруге нақты бұйрық берілген

18:14, 03 шілде 2025 174

Ресейдің әскери қызметкері Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қалай құлағанын, бұйрықты кім бергенін егжей-тегжейлі баяндап, хат жазған. Оны әзербайжандық Minval басылымы жариялады, деп жазады Alash.KZ. 

Айтуларынша, хатта Embraer 190 туралы ештеңе жазылмаған. Бірақ, «атып түсіру керек» деген нақты нысана болған. Жазбаның авторы капитан Дмитрий Паладчук оны көргенде бірден әскери бөлімге хабарлап, «жойып жіберіңдер» деген бұйрық алғанын айтады. «Бірінші ракета нысанға тимеген, бірақ, оқ екінші рет атылғанда ұшақ құлады», - деп жазады Паладчук.

The Insider басылымының мәліметінше, Дмитрий Паладчук шынында да Ресейдің әскери бөлімдерінің бірінде қызмет еткен. Ол хатты өз қолымен жазғанын телефон арқылы растаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар